Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады?

PIXABAY

2025 жылдың қазан айында қазақстандықтар мереке мен демалыс күндерін қосқанда 9 күн демалады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанда 25 қазанда Республика күні аталып өтеді. Бұл мереке 2025 жылы сенбі күніне сәйкес келеді. Сондықтан ол күннің демалысы 27 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады.
Осыған байланысты 5 күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 25, 26 және 27 қазан күндері демалады.
Айта кетейік, қазан айында демалыс күндері мынадай болады:
4, 5 қазан (сенбі, жексенбі);
11, 12 қазан (сенбі, жексенбі);
18, 19 қазан (сенбі, жексенбі);
25, 26, 27 қазан (сенбі, жексенбі, дүйсенбі).