Алматылықтар самокат үшін полицеймен жанжалдасып қалды

Фото: google

Желіде олардың жанжалы түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Кадрдан ашуға булыққан полицейдің тұрғынды бар күшімен ұстап, көлікке апарып отырғызғанын көруге болады.

Тұрғындар полицейге ешқандай құқықбұзушылық тіркелмегенін айтып, электрсамокаттарды алуға неге рұқсат берілмей жатқанын сұрады. Ал полицей өз ұстанымын дөрекі жеткізіп, "тәртіп орнатып жатқанын" мәлімдеген.

Бұл жағдай желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірі полиция қызметкерін тым дөрекі десе, енді бірі олардың заң аясында әрекет ететінін жеткізді.