Елорда соты Ерболат Жанәбіловке қатысты істі қайта қарады. Ол әкімшілік істен қылмыстық іске ауысты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Сот әкімшілік іс жүргізуді тоқтатып, материалдарды Астана қаласының экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жіберу туралы шешім қабылдады.
Себебі блогердің әрекеттерінен заңсыз кәсіпкерлік белгілері анықталған.
Айта кетейік, блогер Ерболат Жанәбілов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты іс әкімшілік деңгейден қылмыстыққа ауысатынын жазған едік. Тергеу олардың әрекетінен заңсыз кәсіпкерлік пен алаяқтық белгілерін көріп отыр. Жанәбілов кінәсін мойындамады, ал министрлік өкілі олардың ұтыс жүйесін "лохотрон" деп атады. Сот процесі жалғасып жатыр.