Қарағанды облысы әкімінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары бірнеше жылдан бері табысталып келеді. Жобаның басты мақсаты – жастардың тың бастамалары мен шығармашылық идеяларын қолдау. Биыл өтінімдер қабылдау 27 қазанда басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады.
«Сізден – идея, бізден – қолдау! Жаңа бастамаларыңызды жүзеге асыру үшін қаржылай қолдауға ие болыңыз. Өңірлік «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын иеленіп, өз идеяларыңызды шынайы жобаға айналдырыңыз», – деп жастар саясаты мәселелері басқармасы жастарды белсенді қатысуға шақырды.
Гранттар келесі алты бағыт бойынша беріледі:
- ғылым – жаңа зерттеулер мен жобаларды жүзеге асыру;
- мәдениет – Қазақстанның дәстүрлері, өнері мен мәдени мұрасын сақтау және насихаттау;
- ақпараттық технологиялар – IT саласындағы заманауи әзірлемелер мен стартаптар;
- бизнес – жаңа кәсіптік идеяларды жүзеге асыру;
- медиа – жастарға арналған танымдық әрі сапалы контент жасау;
- волонтёрлік – қоғамға бағытталған әлеуметтік жобалар.
Байқауға Қарағанды облысында тұратын 14 пен 34 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
Өткен жылы әрқайсысы 2 млн теңгеден 25 жас грант иегері атанды. Биыл да кемінде осындай көлемде бастамаларға қолдау көрсетіледі. Байқаудың жалпы бюджеті – 50 млн теңге.
Грант беру шарттарымен adilet.zan.kz сайтында немесе Telegram-арнада t.me/grants09 танысуға болады.
Call-орталық телефондары:
+7-701-377-42-11, +7-700-526-28-88 (WhatsApp және Telegram қолжетімді).
Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма, 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Қосымша ақпаратты Instagram желісіндегі @saryarqa_jastary парақшасынан да білуге болады.