Танымал футболшы алаңда қайтыс болды

Фото: baq.kz

Сербия құрамасының бұрынғы футболшысы Деян Милованович ардагерлер матчында көз жұмды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

41 жастағы Деян Милованович «Црвена Звезда» ардагерлер құрамында алаңға шыққан. Футболшы гол соққаннан кейін бірнеше минут өткен соң есінен танып қалады. Жедел жеткен дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Спортшыға «инфаркт» диагнозы қойылды.

Милованович серб футболының тарихында өз ізін қалдырған футболшы. «Црвена Звезда» сапында екі кезеңде жалпы 321 матч өткізіп, 40 гол соқты. Ол үш мәрте Сербия чемпионы атанып, төрт рет ұлттық кубокты жеңіп алған.

«Црвена Звезда» футбол клубы әлеуметтік желідегі Х парақшасында спортшының отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айту жазбасын жариялады.

Әйгілі футболшының жүрегі алаңда тоқтап қалғаны мәңгі есте қалады. Ол қызыл-ақ жейдеде екі кезеңде барлығы 321 матч өткізіп, 40 гол соқты. Үш чемпиондық атақ пен төрт ұлттық кубокты жеңіп алды. Деки, әрбір соққың үшін, әрбір голың үшін, әрбір атақ үшін саған алғыс айтамыз, – делінген жазбада.