ChatGPT-дің балаларға арналған нұсқасы әзірленеді

Фото: skynews.kz

OpenAI компаниясы ChatGPT нейрожүйесінің балаларға арналған арнайы нұсқасын әзірлеуге кірісті.  

Егер жүйе қолданушының жасын нақты анықтай алмаса, автоматты түрде жасөспірімдерге арналған бетке ауысады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Ата-аналар баланың аккаунтын бақылап, пайдалану уақытын шектей алады. Сондай-ақ, жүйе жасөспірімнің психологиялық күйзелісін байқаса, қамқоршысына дереу хабар береді. Бұл қадамдар балалардың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Себебі ғаламтордағы ең үлкен қатердің бірі – кибербуллинг.

Жыл сайын әлеуметтік желілерде қысымға ұшырайтын балалардың саны артып келеді. АҚШ мектептерінің 15%-ы аптасына кемінде бір рет кибербуллинг шағымын тіркейді. 2023 жылғы деректерге сүйенсек, жасөспірімдерінің 26,5%-ы ғаламторда қорлауға тап болған. Зардап шеккендердің ішінде қыз балалардың үлесі көбірек.