Учаскелік полиция пунктінен ес-түссіз жатқан учаскелік инспектор мен жалаңаш қыздың денесі табылған. Қазір полицей жансақтау бөлімінде - комада жатыр. Қыздың денесі бір бөлмеден, полицей екінші бөлмеден табылған. Оларды учаскелік аға инспектор тапқан. Оқиға 30 қыркүйек күні кешкі уақытта Қарағандыда болған. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі in_da_krg-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметке сәйкес, майор белгісіз бір әсер ететін заттан есін жоғалтқан. Әзірше белгісіз затты мөлшерден тыс тұтыну бойынша диагноз қойылған.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталып жатыр. Мәселені жан-жақты тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Қызметтік тексеріс те тағайындалды.
« Полиция пункттерінің бірінен азаматшаның денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталуда.
Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған жағдайды жан-жақты әрі объективті тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тергеу тағайындалды.
Барлық іс-әрекеттер мұқият зерттеліп, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады.
Азаматтарды шындыққа сай келмейтін ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз», - дейді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз бөлімі.