Бес баланың анасын туған бауыры жындыханаға жатқызып тастаған

Фото: LIFE09

Оқиға Ақтөбе қаласында болған. Анасы негізсіз жындықханаға жатқызылған балалар президенттен көмек сұрады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл отбасы бұған дейін Қобда ауданында тұрған екен. Ата-анасы ажырасқан соң қалаға көшіп келген. Кейін туыстар арасында мүлікке қатысты дау туындаған. Салдарынан балалардың анасы мәжбүрлі түрде психиатриялық орталыққа жатқызылған. Қазір 5 бала жалдамалы пәтерде тұрып жатыр.

Үйдің үлкені Құралайдың сөзінше, анасы тым жақсы адам. Десе де нағашы тәтесі дәрігерге "анасы есінен айрылған, балалары қараусыз қалған" деген жалған мәлімет берген. Осыдан кейін аналары ауруханаға жатқызылыпты. Ал тәтесі қыздың телефонын пайдаланып, үйді сатып, таныстардан ақша жинап алыпты.

Қазір жағдай облыстық білім басқармасы мен Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының тұрақты бақылауында екен. Қамқоршылық мәселесі заң аясында шешіледі дейді.