"Енді қыз туып ал": Ерке Есмахан мен Raim отбасын құрғандарына үш жыл толғанын атап өтті

Фото: Ерке Есмаханның жеке парақшасынан / https://www.instagram.com/erke_esmahan?igsh=bDhxYjJlYXExbm9q

Танымал әнші Ерке Есмахан отбасы құрғандарына үш жыл толғанын айтты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Өнер иесі отбасылық фотоларын жариялады. 

“Раим екеуміздің шаңырақ көтергенімізге үш жыл болып қалды. Сол үш жылдың жемісі, міне, осы суреттерде. Алла бағымызды еселеп, қол жайып тілегенімізді молынан нәсіп етіп жатыр. Жаратқанға сансыз шүкір айтамыз. Бақытты болыңыздар! Біздің отбасымызға тілекші, кең пейіл, ақ жүрек оқырмандарым", – деп жазды әнші әлеуметтік желіде. 

Желі қолданушылары өнерлі отбасына ақжарма тілектерін жаудырып жатыр. 

“Қандай керемет сәт”, “Қаншама сөзге қалса да, махаббаттары жеңіп шықты”, “Балаларың аман болсын”, “Енді қыз туып ал”, “Батырлардың ұрпағын көбейте бер”, – деп жазды көпшілік.