Облыс соттарында қаралған некені бұзу істеріне шолу

Сурет: ҚР Прокуратурасы

 

 

Қарағанды облысының соттарымен неке-отбасы қатынастарынан туындайтын даулар бойынша 2025 жылдың 9 айында барлығы 4871 іс қаралды, бұл көрсеткіш 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5 % артық (4639 іс).

Қаралған істердің жалпы санынан 2760 іс бойынша талаптар қанағаттандырылып, 146 іс бойынша талап қоюшыларға бас тартылды, 983 іс қараусыз қалдырылды, 11 іс бойынша талап арыздар қайтарылды, 929 іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды және 42 іс соттылық бойынша жолданды.

2025 жылы некені бұзу істерінің санының артқаны байқалады. Есептік кезеңде барлығы 3445 іс қаралды, бұл 2024 жылғы көрсеткішпен (3366 іс) салыстырғанда 2 % көп. Олардың ішінде кәмелетке толмаған балалары бар тараптар бойынша 3239 іс қаралды (2024 жылы — 3224 іс).

Некені бұзу бастамашыларының басым бөлігі әйелдер болып табылады — 78 % (2024 жылы — 77 %), ал ер адамдардың үлесі — 22 % (2024 жылы — 21 %).

Негізгі себептер ретінде ерлі-зайыптылар арасындағы өзара түсіністіктің болмауы және материалдық қиындықтар көрсетілген.

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша неке-отбасы қатынастарына байланысты ең көп іс Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған — 2623 іс (2024 жылы — 2616 іс), Теміртау қалалық сотында — 712 іс (2024 жылы — 707 іс), Шахтинск қалалық сотында — 236 іс (2024 жылы — 192 іс).

Ең аз істер Шет аудандық сотында — 16, Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының №2 сотында — 18 және Ақтоғай аудандық сотында — 23 іс қаралған.

Кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент өндіру жөніндегі істер саны 141-ден 155-ке дейін өсіп, 10 % артуды көрсетті. Керісінше, балалардың тұрғылықты жерін анықтау жөніндегі істер саны 106-дан 87-ге дейін азайып, 18 % төмендеді. Баламен қарым-қатынас тәртібін белгілеу туралы істер де 51-ден 36-ға дейін қысқарып, 29 % төмендеу байқалды.

Ата-аналық құқықтардан айыру істері бойынша өсім тіркелді — 2025 жылдың 9 айында 161 іс қаралды, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 124 іс болған, яғни 30 % артқан. Сонымен қатар, ата-аналық құқықтарды қалпына келтіру жөніндегі істер саны 11-ден 6-ға дейін азайып, 45,5 % төмендеу көрсетті. Некелік шарттармен байланысты істер өте сирек кездеседі — есептік кезеңде бір ғана іс тіркелген, бұл өткен жылғы үш іспен салыстырғанда 67 % аз.

Сот статистикасын талдау нәтижелері бойынша, 2025 жылдың 9 айында Қарағанды облысында неке-отбасы дауларының жалпы санының аздап өскені байқалады.

Атап айтқанда, некені бұзу және ата-аналық құқықтардан айыру істері көбейген. Сонымен қатар, балалардың тұрғылықты жерін және онымен қарым-қатынас тәртібін анықтауға қатысты даулар санының төмендеу үрдісі сақталып отыр.

Жалпы, неке-отбасы қатынастарынан туындайтын даулар қоғам үшін өзекті әлеуметтік мәселе болып қалып отыр және бұл бағытта отбасы институтын нығайтуға, татуластыру және отбасылық медиация шараларын дамытуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыру қажет.

 

 

Қарағанды облысы бойынша

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті Департаментінің аға прокуроры

Г.Т. Қорғанбекова