Астана тұрғындарына ескерту жасалды

Фото: Life09

 

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"2025 жылғы 28 қазанда Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Семей, Астана, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.