6 қараша күні таңертең Астанадағы “Әсем” сауда үйінде екі бутик өртенді. Тілсіз жауды сөндіруге төтенше жағдай департаменітінің 95 қызметкері мен 25 техникасы жұмылдырылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Ғимараттағы екі бутик өртенген. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру оқпандары қойылып, су үздіксіз беріліп отырды. Құтқарушылар адамдардың бар-жоғын анықтау үшін ғимаратты тексерген, өрт шыққан сәтте ішінде келушілер болмаған. Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтап, таралу қаупін жойып, толық сөндірді.
Тілсіз жау сағат 08:30-да өрт ауыздықталған.
“Өртті сөндіру кезінде қиындықтар болды, себебі өрт сөндірушілер келген сәтте жалын өршіп,тарап кеткен. Сонымен қатар ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері, жоғары өрт жүктемесі мен қатты түтіндеу жағдайды қиындатты”, — делінген хабарламада.
Сағат 09:00-де өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.