Қарағандыда Қант диабетіне қарсы дүниежүзілік күнге орай тегін медициналық кеңес өтеді

gov.kz

14 қараша күні Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының Кеңес беру-диагностикалық орталығында ашық есік күні ұйымдастырылады. Аймақ тұрғындары терапевттің жолдамасынсыз, бірақ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу шартымен бейінді мамандардың тегін қабылдауына келе алады. Қабылдау мекенжайы: Қарағанды қаласы, Сейфуллин көшесі, 17. Алдын ала жазылу телефондары: (8-7212) 94-04-77, 8-778-003-71-47.

Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні аясында сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін келушілерге келесі мамандар тегін кеңес береді:

- невропатолог — Гүлнара Мәлік;

- эндокринолог — Нариман Башпаев;

- нефрологтар — Сабина Жұмагұлова мен Салтанат Сариева;

- «Диабеттік аяқ» орталығының жетекшісі — Евгений Морозов;

- ревматолог — Нұргүл Манап;

- кардиолог — Мадина Сәлімбекова;

- проктолог — Белла Шелихова.

Сонымен қатар осы уақытта дәрігер Алтынай Қасиханқызы аяқ-қолдың төменгі бөлігіндегі тамырларға ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) жүргізеді.

Сағат 11:00-ден 13:00-ке дейін аллерголог-иммунолог Ботагөз Нұрмұқанова тұрғындарды қабылдайды.

Акцияға офтальмологиялық орталықтың мамандары да қатысады. Келушілерге көздің оптикалық когерентті томографиясын (ОКТ) тегін өту мүмкіндігі беріледі. Бұдан бөлек, Подология орталығында қабылдау ұйымдастырылып, аяқ денсаулығын тексеруге болады.

Барлық қатысушылар жалпы қан талдауын және гликирленген гемоглобинге тест тапсыра алады.

Мамандар келушілерге қант диабетінің алдын алу, ауруды ерте анықтау және денсаулықты бақылаудың маңызы туралы кеңес береді.

Дереккөз: Gov.kz