Дәрия Қуатжан «Қазақ аруы 2025» сұлулық байқауының жеңімпазы атанды

Фото: qazaq_aruy_official

Биыл 15-ші мәрте өткізіліп жатқан «Қазақ аруы» байқауының кезекті жеңімпазы анықталды. Дәрия Қуатжан есімді талдықорғандық ару сұлулық байқауының тәжін киді. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды.

Баян Мақсатқызы продюсерлік ететін сұлулық байқауына биыл 400-ге жуық өтініш түскен. Оның жиырмасы байқауға қатысуға мүмкіндік алса, 10-ы көрермен дауысымен үздіктер қатарына кірді. Ал, талдықорғандық Дәрия Қуатжан өзінің нағыз «Қазақ аруы 2025» екенін дәлелдеді.

«Мені қолдап, маған дауыс бергендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздер маған кигізген тәждеріңізді абыроймен көтеріп, осы тәжге лайық болуға тырысамын деп уәде беремін. Менімен өнер көрсеткен барлық ару – Қазақ аруына лайық. Жаса қазақ қыздары», - деді Дәрия Қуатжан. 

Байқау 3 кезеңнен тұрды.
Таныстыру: Арулар өздерінің қай аймақтан келгенін, кім екендерін таныстырды. 
Өз өнері: Қыздар сахнада өз өнерлерін көрсетті. Бұл сайыста Дәрия Қуатжан көрерменге арнайы киім коллекциясын таныстырды. «Көшпенді дала ұрпақтары» дизайн киім коллекциясы, балаларға заманауи этно стильде арнайы тігілген. 
Сұрақ-жауап бөлімі: Қыздарға жасырын жәшікке жасырылған ситуациялық сұрақтар қойылды.

.

Фото: dariyakuatzhan

Жоба продюсері Баян Алагузова, бұл байқау жай сайыс емес, идеология екенін айтты. 

«Дәл қазір Дәрия жеңімпаз атанды, ол бұл күнге жету үшін ұзақ уақыт еңбектенді. Байқау шынайы өткеніне кезекті рет куә болдық», - деді Баян Мақсатқызы.

.

Фото: dake_zzz

Дауыс беру шешімі бойынша үздік 10 қатысушы:

1) ДӘРИЯ ҚУАТЖАН 26376
2) ДИАНА ҚЫРЫМ 13160
3) ДАРИҒА РАХЫМ 11045
4) ДАНИРА АЙДЫНҚЫЗЫ 8288
5) АЛТЫНАЙ БАЗЫЛЖАН 5017
6) АҚШУАҚ БАУЫРЖАНҚЫЗЫ 4462
7) ҰЛДАНА БОТАБЕК 3706
8) АЙША ТАСҚАН 3551
9) АЙКЕРІМ НҰРҒАЛИЕВА 3109
10) ҚЫЗҒАЛДАҚ ӘУЕСХАНҚЫЗЫ 2311

 

Автор: Ақсая Жалғас