Қарағандылықтарды Жаңа жылдық ойыншықтар жасауды үйрететін шеберлік сабағына шақырады

Фото: ЖИ | Gemini

Қарағандылықтарға жұқа киізд материалынан Жаңа жылдық ойыншықтар жасауды үйретеді. Тегін шеберлік сабағы Гоголь атындағы облыстық ғылыми кітапханада өтеді. Оған тігін тігудің бастапқы дағдылары бар ересектер мен балалар қатыса алады.

Шеберлік сабағына келушілер өздерімен бірге ақ, қызғылт, көгілдір, ақшыл және қоңыр түсті жұқа киіздің бір-бір парағын, сәйкес түсті жіптер, қайшы мен ине алып келуі қажет. Ойыншықты толтыру үшін синтепон немесе синтепух және шағын таяқша керек болады. Ал дайын бұйымды іліп қою үшін әдемі лента немесе жіп алып келсе болады.

Шеберлік сабағы қарашаның 18-і, сейсенбі күні, сағат 14:00-де өтеді. Барлық тігін әуесқойлары мен шығармашыл жандар шақырылады.