Ер адамның кішкентай баланы теуіп жатқаны видеоға түсіп қалған

Фото: Life09

Алматының Алатау ауданында ер адам балалар алаңында ойнап жүрген баланы бар күшімен теуіп жіберген. Ер адамның бұл әрекеті ауладағы бейнекамераға түсіп қалған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

“Каспий” тұрғын үй кешенінің алдында балалар өзара келіспей қалған. Мұны көрген ер адам шамамен 6-7 жасар баланы аямай теуіп жіберді. Бар күшін салғаны соншалық өзі де шалынып құлап қалды. Одан қалды, әйелі баланың құлағынан тартып, сөгіп, оның әжесімен жанжалдасқан.

“Анасының айтуынша, кешке қарай баланың жағдайы нашарлап, құса бастаған. Тұра алмай, жатып қалған”, – деп жазды Тhreads желісінің құлданушысы.

Сондай-ақ учаскелік полиция кінәлі отбасы баланың емінің ақшасын төлесе, келісуге болатынын айтқан.

Баланың ата-анасы әділ тергеу жүргізіліп, кінәлілердің жазасын алуын талап етіп отыр.