Еріктілер балаларды театр әлеміне жақындатты

Сурет: МҚІА

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жанында құрылған «Еріктілер кеңесінің» мүшелері С.Сейфуллин атындағы театрында «Ойыншықтар оянғанда» қойылымын балаларға тегін түрде тамашалау мүмкіндігін ұйымдастырды.

Бұл іс-шара олардың мәдени демалысын қолдап, қуаныш сыйлауға және театр өнеріне деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.