Қарағандылық «Воин» клубының спортшылары түрлі стильдегі карате федерациясының атынан WKB World Championship & World Cup U12 жарысына (Гродзиск-Мазовецкий, Польша) қатысып, үлкен табысқа жетті. Қазақстан құрамасының қоржыны екі алтын медальмен толықты.

Қазақстан құрамасына қарағандылық үш спортшы кірді – жаттықтырушы Станислав Полудинский және оның шәкірттері Ерсұлтан Ахмет пен Әмір Таушиев. Чемпионат қорытындысы бойынша Ерсұлтан 12–13 жас категориясында 40 кг дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, Станислав Полудинский «+40 АБС» категориясында бірінші орынды иеленді. Ерсұлтан – киокушинкай каратэ бойынша Азияның екі дүркін чемпионы және түрлі деңгейдегі жарыстардың бірнеше мәрте жүлдегері.

– Біз әлем аренасында лайықты өнер көрсеттік. Ерсұлтан күрделі кездесулерде бірінші орын жеңіп алды, жеті жекпе-жекке қатысып, әр ұпай үшін барын салды. Бұрынғы турнирлердегі тәжірибесіз мұндай нәтижеге жету мүмкін болмас еді, – дейді Станислав Полудинский.

Әмір Таушиев те чемпионатта жеңіске деген ұмтылысы мен жауынгерлік рухын көрсетті. Ол шиеленісті кездесулерде белсенді күресті, әрі жекпе-жекте лайықты өнер көрсетті, алайда қосымша уақытта төрешілер шешімімен қарсыласынан жеңілді.

Екі жас спортшы да бесінші сыныпта оқиды. Олар төрт жасынан бастап бірге түрлі стильді каратэмен айналысып келеді. Чемпионатқа дайындық қарқынды өтті – аптасына он екіге дейін жаттығулар жүргізілді.
