Алматыдан Астанаға бағыт алған ұшақта төтенше жағдай болды

Фото: Life09

Бүгін, 17 желтоқсан күні таңғы сағат 07:38-де Алматыдан Астанаға қарай бет алған «Эйр Астана» компаниясының ұшағында төтенше жағдай орын алып, экипаж апат сигналын таратқан, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Көлік министрлігінің мәліметінше, Airbus әуе кемесі салонда түтін шығуына байланысты апаттық сигнал басты. Ұшақ сағат 7:40-та аман-есен жерге қонды. Жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиғаның мән-жайын анықтып жатыр.