Биатлоннан IBU кубогы: эстафетаға Қазақстан атынан кімдер қатысады

Life09

Бүгін, 17 желтоқсанда, Швейцарияның Ленцерхайде қаласында биатлоннан IBU кубогының кезеңі басталады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ҰОК мәліметінше, жарыстың алғашқы күнінде екі эстафеталық жарыс өтеді. Аралас эстафетада Қазақстан құрамасы сапында Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Айша Рақышева және Лаура Қиныбаева өнер көрсетеді.

Ал, аралас жеке эстафетада Полина Егорова мен Никита Акимов Қазақстан намысын қорғайды.

Айта кетейік, Астанада бадминтоннан халықаралық турнир басталды.