Қазақстанда доллар бағамы тағы төмендеді

Фото: Canva

Қазақстанда доллардың 17 желтоқсандағы бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 514,31 теңге болды, бұл алдыңғы көрсеткіштен 4,5 теңгеге төмен. Айта кетейік, Ұлттық банк белгілеген 17 желтоқсандағы бағам - 519,61 теңге.

kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы:

Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде:

  • сатып алу - 515,06 теңге;
  • сату - 517,22 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде:

  • сатып алу - орта есеппен 512,65 теңге;
  • сату - 519,63 теңге.