Приозерск қаласының жұмыспен қамту орталығы қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру жөніндегі ақпараттық кездесу

Фото: Приозерск қаласының әкімдігі

2025 жылғы 12 маусымда «Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Приозерск қаласының жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша ақпараттық кездесу өткізілді.Кездесудің мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметте адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайту болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері, мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау маңыздылығы, мүдделер қақтығысын болдырмау жолдары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін заңды жауапкершілік туралы толық ақпарат берілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жұмыс барысында кездесетін нақты жағдайларды талқылады.

Дереккөх: Приозерск қаласының әкімдігі