Приозерск қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған форум-театр өтті

Фото: Приозерск қаласының әкімдігі

2025 жылғы 3 желтоқсан күні «Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, «Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы» ЖҚБ ұйымдастыруымен Приозерск қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған форум театр форматындағы ерекше іс-шара өткізілді.
Шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, білім беру мекемелері, жастар бірлестіктері, сарапшылар, шығармашылық ұжымдар қатысты. Барлығы 250 адам қатысты, форум мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды.

Дереккөз: Приозерск қаласының әкімдігі