Qazaq Air әуе компаниясы шетелдік инвесторға бір миллиард теңгеге сатылды

Фото: Life09

“Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры Qazaq Air әуе компаниясының бақылау пакетін сатуды аяқтады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

“Самұрық-Қазына” қорының құжатына сәйкес, 2025 жылы 6 мамырда компанияның 51% акциясын сату жөніндегі мәміле аяқталды. Оның ішінде:

  • 49% –  Central Asia Aviation Holdings Limited жеке компаниясы;
  • Қалған 2 %-ын Kazasía Holdings Limited жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сатып алды.

51% үлесті сату құны 1,020 миллиард теңге болды. Мәміледен кейін қор Qazaq Air әуе компаниясына бақылауды жоғалтты, алайда авиакомпанияның қызметіне елеулі ықпалын сақтап қалды және инвестицияны қауымдастырылған компанияға салынған инвестиция ретінде әділ құны бойынша таныды.

Бастапқыда Qazaq Air әуе компаниясын вьетнамдық инвесторға сату 2024 жылғы қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарланған еді. Сонымен қатар инвестор авиакомпанияның қор алдындағы 38,4 иллиард теңгені құрайтын қарызын толық өтеу міндеттемесін өз мойнына алды.

Осылайша, аталған мәміле компанияға бақылауды инвесторға беріп қана қоймай, сонымен бірге қорды ірі қаржылық міндеттемелерден босатты.

Бұған дейін Qazaq Air ұшқыштары компания басшылығынан жалақыларын көтеруді талап еткен еді.