19 желтоқсанда еліміздің бірқатар өңіріндегі республикалық маңызы бар автожолдарда ауа райы жағдайының нашарлауы күтіледі, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында, сондай-ақ Абай мен Ұлытау облыстарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болжанып отыр.
Қолайсыз ауа райына байланысты жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, арақашықтықты ұстану, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау және жол жағдайының нашарлауы мүмкін екенін ескеру ұсынылады.
Республикалық автожолдардың жай-күйі туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласу арқылы білуге болады.