Қайта өңдеуге басымдық беріледі: азық-түлік өндірісі 8,7%-ға артты

Фото: Life09

2025 жылдың 11 айында тамақ өнімдерін өндіру көлемі 3,5 трлн теңгеге (+8,7%), ал сусындар – 1,1 трлн теңгеге (+9,2%) жетті. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметтің бір жылдық қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында айтты.

Биыл 40 жоба жүзеге асырылуда, оның 29-ы пайдалануға берілген. Негізінен, бұл майлы дақылдар, ет, жеміс-жидек, жүн өңдейтін кәсіпорындар, сондай-ақ құрама жем өндірісі.
 

«Біз шикізат бағытынан бас тартып, жоғары қосылған құны бар өнімдер өндіруді бастаймыз. Жаңа зауыттар ет, сүт, жүн, майлы дақылдар, жемістерді өңдейді. Бұл қазақстандықтарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етеді»,


— деді Айдарбек Сапаров.

Дереккөз: ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал