Грозныйда Әзірбайжан әуе жолдары ұшағының апатынан қаза тапқан жолаушыларға арналған ескерткіш ашылды. Мемориалдық тақта Гейдар Әлиев алаңында орнатылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Шешенстан Республикасының басшылығы ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты. Шешенстан президент әкімшілігі мен үкіметінің басшысы Галас Таймасханов бұл қайғылы оқиға барлығы үшін ауыр соққы болғанын атап өтті.
"Бұл апат барлығымыз үшін қорқынышты жаңалық болды. Бүгін біз Баку-Грозный рейсінде қаза тапқан жолаушыларды еске алуға арналған ескерткіш тақтаны ашып отырмыз", – деді ол.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Баку-Грозный бағыты бойынша ұшқан AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның ішінде экипаж мүшесі бесеу. Апат салдарынан 38 жолаушы қайтыс болды, 29 адам аман қалды. 30 желтоқсанда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) бұл оқиғаны мұқият және әділ тергеуге шақырды. Кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзірбайжан билігі құтқару операциясына қатысқан азаматтарды ерлік пен кәсібилігі үшін наградтады.
Кейіннен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтаудағы ұшақ апатына кінәлілерді жазалауды талап еткен еді. Ильхам Әлиев Әзірбайжан азаматтарының қаза болуына Ресей өкілдері кінәлі екенін сеніммен айта алатынын жеткізген.