ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – БІЛІМ САПАСЫНЫҢ ЖАҢА ҚҰРАЛЫ

Автор: Манатаева Гулзада

Қазіргі білім беру кеңістігі күн сайын өзгеріп, жаңарып келеді. Цифрландыру дәуірінде мектеп қабырғасында берілетін білім тек оқулықпен шектелмей, жаңа технологиялар мен инновациялық тәсілдердің ықпалы мен байыпотыр. Осы бағытта елімізде қолға алынған ең ауқымды бастамалардың бірі – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы. Бұл жоба – білім беру жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам.

Сол игі істің жемісін Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “№12 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ ұжымы да өз тәжірибесінде сезініп келеді. Мектеп ұжымы білім беруді жаңғырту, оқу ортасын заманауи форматта ұйымдастыру, цифрлық педагогиканы тиімді қолдану арқылы оқушының жеке қабілетін дамыту жолында тың ізденістерге жол ашты.

Бүгінгі №12 мектеп – жаңа идеялар мен білім беру үдерісіндегі ізденістің орталығы. «Келешек мектептері» жобасының басты мақсаты – оқушыға жайлы әрі қауіпсіз білім кеңістігін қалыптастыру. Осы мақсатта мектепте оқу кабинеттері жаңартылып, интерактивті тақталар мен смарт-панельдер орнатылды. Оқу үдерісінде STEM зертханаларының элементтері, интеллектуалдық ойындар, жобалық жұмыстар және зерттеу тапсырмалары белсенді қолданылуда. Мектеп жас мамандар ортағы және робототехника бойынша  Saryarqa FIRST Regional бағдарламасын жүзеге асыру  орталығы болып отыр.

 

Мектеп кітапханасы да жаңа форматқа көшіп, цифрлық оқу залына айналды. Мұнда оқушылар электронды ресурстармен жұмыс істеп, өз бетінше ізденуге мүмкіндік алады. Мұның бәрі – оқушының оқу мотивациясын арттырып, оқу әрекетіне қызығушылығын күшейтетін маңызды қадам.

Уақытталабы – білімберуде жасанды интеллект технологияларынтиімдіқолдану. Бүгінгікүні №12 мектептің ұстаздары жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын оқу үдерісіне батыл енгізіп, жаңа сапалы деңгейге көтерілу үстінде.

ЖИ – мұғалімүшін тек көмекшіемес, шығармашылықсеріктес. Мұғалімдер ЖИ көмегімен сабақ құрылымын жетілдіріп, интерактивті тапсырмалар, интеллект-карталар, бейнепрезентациялар мен шығармашылық диктанттар әзірлейді. Мысалы, қазақтілі мен әдебиеті пәнін де жасанды интеллект арқылы оқушылар мәтінді талдау, негізгі ойды табу, жоспарқұру, өз пікірін визуалды түрде интеллект-карта арқылы көрсету дағдыларын меңгеріп жүр. Бұл – тілдік сауаттылық пен логикалық ойлауды дамытудың тиімді жолы.

Ал жаратылыстану және информатика пәндерінде мұғалімдер ЖИ көмегімен виртуалды тәжірибелер жасап, күрделі ғылыми құбылыстарды түсінуді жеңілдетіп отыр. ОқушыларPhETсимуляциялары мен 3D модельдер арқылы жарықтың таралуы, қозғалыс заңдылықтары, табиғи процестерді көзбен көріп зерттейді.

Сонымен қатар мұғалімдер ChatGPT, CanvaAI, MagicSchoolAI және Napkin AI платформаларын пайдаланып, оқу контентін оқушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай бейімдеп келеді. Мұндай әдістер уақытты үнемдеп қана қоймай, білім сапасын арттыруға, оқушылардың дербес жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

ЖИ технологиясын қолдану – білім мен цифрлық мәдениеттің тоғысқан тұсы. Бұл тәсіл арқылы оқушылардың сыни ойлау, зерттеу, шығармашылық және коммуникациялық қабілеттері дамиды. Әр бала өз идеясын дербес қорғай алатын, ақпаратты талдап, оны өмірлік жағдаяттарда қолдана алатын деңгейге жетеді.

Жаңа дәуірдің мектебі ең алдымен жаңа көзқарастағы мұғаліммен ерекшеленеді. №12 мектептің педагогтері үнемі кәсіби дамудың ізінде. Олар «Болашақ мектебі: цифрлық педагогика және инновациялық әдістер» тақырыбындағы облыстық семинарларға қатысып, өз тәжірибесін әріптестерімен бөлісуде. Мектептің шығармашылық тобы “Жасанды интеллект – білім берудің серігі” атты авторлық жобасын ұсынып, республикалықдеңгейдеқолдаутапты. Мектептін барлық 100 ұстаздары  «Оқу үдерісі және ЖИ: генеративті модельдер мен промт-инжиниринг» атты біліктілік арттыру курсынан толық өтіп қолдануда.

Бүгінгі таңда STEAMмамандықтарынақызығушылықарттырумақсатындаBalkhash STEAM Serpini Fest" жобасымен келісімшарт бекітілді. Мектебімізде STEM бағыты бойынша екі топ жұмыс  жасауда. Бұл жоба оқушылардың шығармашылық және инженерлік қабілеттерін айқындауға көмегін тигізеді. Екі топтың  зерттеу, ойлау және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар да өз нәтижесін беруде.

Оқушыларымыз Saryarqa FIRST Regional халықаралық робототехника жарысына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

Білім берудегі табыстың тағы бір кілті – мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы бірлік. №12 мектепте осы бағыттағы жұмыс жүйелі жолға қойылған. Ата-аналарға арналған “Цифрлық қауіпсіздік және отбасылық тәрбие” тақырыбындағы семинарлар, ашық есік күндері, “Оқушының жетістігі – ортақ қуанышымыз” атты кері байланыс кездесулері тұрақты өткізіледі.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы – елдің ертеңіне салынған ең қымбат инвестиция. Мектебіміз – осы бастаманың нақты жемісін көрсетіп отырған оқу ордаларының бірі. Мұнда оқушының танымдық белсенділігі, мұғалімнің шығармашылық ізденісі және ата-ананың қолдауы бір арнада тоғысып, білім мен тәрбие тұтастық тапқан.

Бүгінгі білім ордасы – жаңа дәуірдің жаңғырығы. Ол болашаққа нық сеніммен қадам басқан ұжымның еңбегін, жас ұрпаққа деген қамқорлығын және еліміздің білім саласындағы жарқын келешегін айқын бейнелейді.

https://instagram.com/p/DSpKDE4jGn4/

https://www.instagram.com/reel/DRb_6N6jIwa/?igsh=ZmQ5eWU2ODd6NXIy

https://www.instagram.com/reel/DRCtpeNjP3i/?igsh=emNrZ2I2Z244Y3Vz

https://www.instagram.com/p/DQGhiM6jI2w/?igsh=a2NyN21sd2YzejZ6

https://www.instagram.com/reel/DPt74UoCIXs/?igsh=MTc3OTF2NnRlN2R5bQ==

Автор: Манатаева Гулзада Мукатаевна, мектеп директорының міндетін атқарушы,

Қарағандыоблысы, Балқашқаласы “№12 жалпы орта білімберетінмектеп” КММ.