Қарағанды облысында биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай іс-шараларды дайындау және өткізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.
Жалпы саны 1000-нан астам іс-шара ұйымдастырылды, оның 200-і — якорлық форматта өтті. Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысына қатысушыларға 5 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.
Ардагерлер кеңесінің облыстық пленумы өтіп, облыс әкімі ардагерлерді қабылдады.
9 мамыр күні облыстың барлық қалалары мен аудандарында гүл шоқтарын қою рәсімдері ұйымдастырылды.
Ардагерлердің мерейтойларына ерекше көңіл бөлінді: Қали Аманбаев пен Камали Дүйсембековтің 100 жылдық мерейтойлары атап өтілді.
Облыстың 2797 тұрғынына «Жеңіске 80 жыл» мерекелік медальдары табысталды.
Демеушілердің қолдауымен 50-ден астам ардагер отбасына тұрғын үй жөндеуі жүргізілді. Барлық ардагерлер тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық көмектің барлық түрімен қамтамасыз етілді, коммуналдық қызметтерді төлеуден босатылды, сондай-ақ қалалық және қалааралық бағыттарды қоса алғанда, тегін көлікпен қамтылды.
Еріктілер мен ардагерлер ұйымдарымен бірлесіп «Ардағым ардагерім» және «Ардагерлерді ардақтайық» акциялары өткізілді.
«Таза Қазақстан – Киелі мекен» акциясы аясында жауынгерлік даңққа арналған 156 мемориал мен ескерткіш абаттандырылды.
Әлеуметтік желілерде батырлардың ерлігін тарихи жадыда сақтау мақсатында патриоттық челлендждер ұйымдастырылды. Жыл бойы мектептер мен колледждерде ерлік сабақтары, патриоттық акциялар мен байқаулар өткізілді.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларда Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған «Ер есімі – ел есінде» акциясы жүзеге асырылды.