Алматылық фельдшер Таиландта екі жасар қызды құтқарып қалды

Фото: Life09

Алматылық жедел жәрдем фельдшері Гаухар Әкімова Таиландта отбасымен демалып жүргенде екі жасар қызға жергілікті дәрігерлер келгенге дейін алғашқы көмек көрсетіп, алып қалды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жағдайдың демалыс кезінде болған. Бірнеше күн бұрын қыз баланың жағдайы нашарлай бастаған. Аурудың белгілері энтеровирустық инфекцияға нұсқаған. Бала тамақ ішпей, кейін ұстамасы ұстаған.

Туыстары алаңадап, демалып жүрген адамдардан көмек сұраған. Сол кезде оларға көмекке Гаухар Әкімова келген. Фельдшер баланың жағдайын бағалап, қажетті алғашқы көмек көрсетіп, жергілікті жедел жәрдем қызметтері келгенше қыз баланы қадағалап тұрған.

Баланың апасы мен ата-анасы қазақстандық фельдшерге кәсібилігі мен көмегі үшін алғыс білдірді.