Кооперация — қуатты ауылдың кілті

Фото: Life09

Ауыл шаруашылығы елдің орнықты дамуының негізгі тіректерінің бірі болып қала береді. Президент аграрлық сектордың тиімділігін арттыру үшін фермерлер мен ауыл еңбеккерлерінің күшін біріктіретін кооперативтер құру қажет екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда кооперацияны табысты дамытуға барлық жағдай жасалған. Мұндай тәсіл өнімділікті арттыруға, нарықтар мен технологияларға қолжетімділікті жақсартуға, сондай-ақ ауылдық өңірлердің әлеуметтік және экономикалық бірлігін нығайтуға мүмкіндік береді.