Қазақстан - қалыптасқан мемлекеттің жолы

Фото: Life09

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан маңызды қалыптасу кезеңінен өтіп, табысты әрі орнықты мемлекет ретінде орныққанын атап өтті. Тәуелсіздік жылдарында ел тұрақтылыққа, институционалдық реформаларға және ұлттық мүдделерге негізделген өзіндік даму моделін қалыптастырды.

Бүгінде Қазақстан болашаққа нық қадам басып, жаңғырту бағытын, мемлекеттілікті нығайтуды және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруды жалғастырып келеді. Басты міндет - қол жеткізілген жетістіктерді сақтап, ұзақ мерзімді келешекте тұрақты дамуды қамтамасыз ету.