Жамбыл облысында әскери қызметкер қаза тапты

Фото: ЖИ ChatGPT

Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген сарбаздың қаза тапқаны белгілі болды. Алдын ала ақпарат бойынша, ол қару қолдану кезінде оқ жарақатын алған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиғаны Бас прокуратура растады. Ведомствоның хабарлауынша, 27 қаңтарда болған жағдайға байланысты ІІМ әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, іс Бас прокурордың бақылауына алынды.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қорғаныс министрінің орынбасары, бас әскери прокурор және әскери-тергеу департаментінің басшысы оқиға орнына барды.