Қазақстандық команда бүгін Чемпиондар лигасының соңғы турында лондондық «Арсеналмен» кездеседі, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.
«Зеңбірекшілер» турнир кестесінің көш басында. Ал, «Қайрат» 36-орынға жайғасқан. Алматылық команданың жұлдызды ойыншысы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты бүгінгі матчқа қатыса алмайды. Матчты бүгін сағат 00:50-де «Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар.