Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен азамат оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі ztb_qazaq телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство өкілдері науқастың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екенін атап өтті. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, ол Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылған.
Ақмола облыстық полиция департаменті аталған оқиғаға байланысты «абайсызда ауыр зиян келтіру» және «жануарларға қатыгездік көрсету» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
Бурабайда қаңғыбас иттерді ату кезінде адам жарақат алды
Фото: Canva