ӘДІЛЕТТІЛІК, ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ҚАНДАЙ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ БЕКІТЕДІ

Фото: Life09

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚАҒИДАТТАР
• Тарихта алғаш рет: «Әділеттілік, Заң және Тәртіп» қағидаттары Конституция деңгейінде ресми түрде бекітілді.
• Адамға бағдарланған мемлекет: Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқындалды.

 

МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ІРГЕТАСЫ
• Бірлік: Қоғамдық ынтымақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісім мемлекеттің негізгі тірегі ретінде танылды.
• Мызғымас құндылықтар: Егемендік, Тәуелсіздік, унитарлық құрылым және аумақтық тұтастық өзгермейтін қағидалар ретінде сақталады.
• Биліктің бастауы: Қазақстан халқы – мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі.

ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕПІЛДІКТЕР МЕН ҚОРҒАУ
• «Миранда қағидасы»: Алғаш рет Конституция мәтінінде бекітілді.
• Құқықтардың тұрақтылығы: Азаматтардың жағдайын нашарлататын немесе жаңа міндеттер жүктейтін заңдардың қайта күш алуына тыйым салынады.
• Сот төрелігінің қағидаттары:
-кінәсіздік презумпциясы;

-бір құқық бұзушылық үшін қайта жазалауға жол бермеу.

 

ЖАҢА ЗАМАН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
• Табиғат: Қоршаған ортаға ұқыпты қарау қағидаты алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді.
• Цифрлық кеңістік: Азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормасы енгізілді.
• Дәстүр: Неке – дәстүрлі құндылықтарды қорғау мақсатында ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде айқындалды.

1