Кайрат Сатыбалдыдан тәркіленген "Kaisar Plaza" сауда орталығы аукционға шығарылды

Фото: ЖИ СhatGPT

Sauda.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің сайтында "Kaisar Plaza" сауда орталығының бастапқы бағасы 61,5 млрд теңге болып жарияланды. Ал, кепілдік жарна 9,2 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Нысанда қазір түрлі шарттармен жұмыс істейтін 53 жалға алушы бар.
Сауда орталығының жалпы ауданы 63,9 мың шаршы метр деп көрсетілген.