Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясында ҚРКФ Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын егжей-тегжейлі талқылауға арналған іс-шара өтті. Іс-шараға Республикалық салалық кәсіподақтардың, еліміздің барлық өңірлеріндегі Кәсіподақ орталықтарының басшылары, кәсіподақ белсенділері қатысты.
Сатыбалды Дәулеталин Конституциялық комиссия құрамындағы жұмыс туралы айтып берді және елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның тарихи маңызын атап өтті.
«Конституциялық комиссияға бүгінгі таңда саяси партиялардан, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардан, ел азаматтарынан 4 000-нан астам ұсыныс пен өтініш келіп түсті. Бұл отандастарымыздың еліміздің Негізгі заңы қандай болатынына бейжай қарамайтындығын, сондай-ақ оның Референдумда халық тарапынан қабылданатынын білдіреді. Қазіргі өзгерістер мемлекетіміздің дамуындағы жаңа әрі тарихи кезеңді бастап береді», - деді ҚРКФ Төрағасы.
Жаңа жобаның ішіндегі ең маңызды тұстарына тоқталған Сатыбалды Дәулеталин бірнеше жайтты түсіндіріп өтті.
«Жобаның тұтастай алғанда әлеуметтік мемлекетке бағдарлануы ерекше маңызды. Кәсіподақтар үшін еңбек ету құқығы және оның конституциялық мазмұны — жаңа Конституция жобасындағы негізгі сәттердің бірі. Жоба қолданыстағы Конституциядан айырмашылығы, әркімнің еңбек етуге және қызмет түрін еркін таңдауға құқығын растайды. Бірақ ең басты жаңалық — бұл құқық енді мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігімен және адамның құндылығымен тікелей байланысты болады. Бұл дегеніміз, жұмысқа жай ғана «іс» деп емес, адамның лайықты өмір сүруінің негізі ретінде қарау. Еңбек ету құқығы дегеніміз — тек жұмыс орнының болуы емес, ол қауіпсіз еңбек жағдайы, әділ жалақы және жұмыс берушінің өз бетімен шешім қабылдауынан немесе кемсітуден қорғалу деген сөз. Осы құқықтың Конституцияда бекітілуі жұмысшының мәртебесін көтереді. Себебі кез келген реформа немесе цифрландыру жұмыстары алдымен еңбек адамын қорғау қағидасына сүйенуі керек », - деп өз ұстанымын білдірді Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы.
Тағы бір маңызды өзгеріс деп Сатыбалды Дәулеталин жаңа кеңесші орган – Халық кеңесінің құрылуын санайды.
«Жобада Халық кеңесі туралы ереженің азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысатын жеке мекемесі ретінде пайда болуын – халықтың билік ісіне нақты араласуының кеңеюі депқ арастыруға болады. Өз мағынасы бойынша бұлжай ғана көрініс үшін немесе құр белгі үшін жасалған ұйым емес. Бұл Кеңес қоғам мен билік арасындағы тікелей сөйлесу құралы ретінде, жаңа ұсыныстар айту, маңызды реформалар мен қоғамға қажетті шешімдерді талқылау мүмкіндігімен жасалған. Жалдамалы жұмысшылар мен кәсіподақтар үшін бұл өте маңызды. Алғаш ретконституциялық деңгейде әлеуметтік топтар, соның ішінде еңбек ұжымдары, елдегі мәселелерге ресми түрде әсер ете алатын, заң шығаруға ұсыныс бере алатын жол ашылады. Олар енді тек іс болып қойғаннан кейін ғана емес, шешім қабылданар кезде де ықпал етеді», - деп атап өтті ҚРКФ Төрағасы.
Өз кезегінде ҚРКФ Төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері туралы айтып берді. Ол жиынға қатысушылардың назарын мемлекетті басқару жүйесіне ұсынылатын өзгерістерге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселелерге аударды.
Жаңа Конституция жобасын талқылай отырып, салалық және аумақтық кәсіподақ жетекшілері өз ұсыныстарын енгізіп, пікірлерін білдірді.
«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов қазіргі Конституция мен жаңа жобаны салыстыра талдау құқықтар мен бостандықтардың нақтыланғанын, сондай-ақ халықтың мүддесін қорғаудың заңды жолдары көрсетілгенін айтты.
Сонымен қатар, химия, мұнай-химия және өндірістің ұқсас салалары қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы Керім Пірімқұлұлы жаңа Конституция жобасында сот жүйесінде қорғау мен айыптаудың тең болуы өте маңызды екенін атап өтті.
«QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» Қазақстандық салалық тау-кен металлургия кәсіптік одағының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асылбек Нұралин жаңа Конституция жобасында белгіленген парламенттік реформаның өзектілігіне тоқталды.
Талқылауды жалғастыра отырып, Ақтөбеоблысы Кәсіподақ орталығының төрағасыАлтынбек Әмірғалиев жиынға қатысушыларға сөзарнап, аймақтағы кәсіподақтардың атынанотандастарға жаңа Конституция жобасын қолдауғашақыратын Үндеу қабылдауды ұсынды.
Ақтөбелік әріптестің бұл ұсынысын басқа да кәсіподақ жетекшілері қолдады, олардың арасындаҚазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғарыбілім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағыныңтөрайымы Айгүл Мұқашева, Алматы облысыКәсіподақ орталығының басшысы ӘсетҚыдырманов және басқалары бар.
Жиынға қатысушыларды тыңдап болған соң, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтарфедерациясының Төрағасы Сатыбалды Дәулеталинмемлекет пен азамат үшін ең басты құндылықтарКонституция жобасында бекітілгенін айтты. Сондай-ақ, Басты заң жобасын қолдау — бұлмемлекеттің және оның халқының одан әрідамуына азамат ретінде өз үлесіңді қосу дегендібілдіретінін атап өтті.
«Біз Қазақстанның болашағына тікелей әсерететін маңызды тарихи кезеңді бастан өткеріпжатырмыз. Бұл Конституция жобасын қолдаутуралы шешім қоғамның болашақтағы жағдайына, тыныштыққа және еліміздің даму бағытына әсеретеді. Бұл – әрбір азаматтың ойы мен ұстанымыерекше мәнге ие болатын жауапты сәт. Бұлкезеңнің әлемдегі жағдай тұрақсыз болып тұрғануақытқа тұспа-тұс келуі өте маңызды. Сыртқы жәнеішкі қиындықтар жағдайында жаңа Конституциянықолдау және қабылдау – Қазақстанның тұрақтыдаму жолын сақтап қалуға жасалған қадам», - депқорытындылады ҚРКФ Төрағасы.
Жиынның соңында қатысушылар ҚазақстанРеспубликасы Кәсіподақтар федерациясыныңатынан қазақстандықтарға Үндеу қабылдаудықолдады.
Үндеу мәтіні:
Құрметті қазақстандықтар!
Бүгінгі таңда Қазақстанда елдің жаңаКонституциясының жобасын дайындау бағытындаауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.
Конституциялық комиссия Негізгі заңныңзаманауи шынайылық пен қоғамның өзектісұраныстарына негізделген жаңа редакциясынәзірлеп шықты.
Қазіргі уақытта мемлекетіміздің болашағынатікелей ықпал ететін айрықша тарихи кезеңбасталып отыр.
Осы құжатты қолдау туралы шешім қоғамныңкелешегіне, тұрақтылыққа және мемлекеттің ұзақмерзімді даму векторына ықпал етеді.
Дәл осындай жауапты сәтте әрбір азаматтың жеке пікірі мен ұстанымы ерекше мәнге ие болмақ.
Еліміздегі екі миллионға жуық еңбек адамының мүддесін қорғайтын Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жүргізіліп жатқан конституциялық реформаны толық қолдайтынын мәлімдейді. Сонымен қатар, әлеуметтік мемлекетті дамытуға, еңбек адамының мәртебесін нығайтуға және азаматтардың елді басқару ісіне қатысуын кеңейтуге бағытталған бірқатар маңызды ережелерді ерекше атап өтеді.
Біз жаңа Конституция жобасын – адам құндылығы кез келген жүйеден биік тұратын нағыз халықтық заң деп есептейміз.
Бұдан бөлек, жаңа Конституция жобасында әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдық бірлік басты құндылықтар ретінде айқындалған.
Еңбекті қорғау, білім беру және алға басу мемлекеттің стратегиялық басымдықтары болып белгіленді.
Жаңа Конституция жобасы Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесін толықтай сақтап қалады.
Осы орайда әлеуметтік бағыт, әрбір азаматтың қауіпсіздік тетіктері, заң алдында бәрінің тең болуы, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін және еңбегін қорғау шаралары күшейтілді.
Аталған бағыттардың барлығы кәсіподақтар үшін өзгермейтін басты қағидаттар.
Конституциялық реформа еліміздің дамудың жаңа сапалы деңгейіне өтуін көздейді.
Жобада ұсынылған Халықтық кеңес пен Құрылтай жұмысына қатысты нормалар — бұл демократиялық институттарды нығайтуды және қоғамның мемлекеттік басқару мен маңызды шешімдер қабылдау ісіне қатысу сапасын арттыруды көздейтін жүйелі қадамдар.
Осы үдерістерге азаматтық қоғамның, соның ішінде кәсіподақтардың қатысуы миллиондаған жұмысшылардың мүддесін қорғауға нақты жол ашады.
Жаңа Конституция жобасында тәртіпке, кәсібилікке, адал еңбекке және заңды құрметтеуге негізделген, маңызды өмірлік ұстаным ретіндегі жасампаз патриотизм бекітілген.
Халықтың әл-ауқатын көтеру тұңғыш рет конституциялық мақсат болып айқындалды.
Осылайша, азаматтар мен еңбек адамының өмір сүру сапасы дамудың ең басты өлшемі ретінде анықталады.
Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы халықаралық пактке толық сай келеді.
Жобада жұмыс орнының қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайларына, еңбегі үшін қандайда бір кемсітусіз сыйақы алуға, сондай-ақ заңға сәйкес әлеуметтік қорғалуы құқығына кепілдік береді деп нақты бекітілген.
Жоба әркімнің еңбек етуге және қызмет түрін еркін таңдауына құқығы бар екенін растайды, алайда бұл құқықтың мемлекеттің әлеуметтік сипаты мен адам басымдығы аясында қаралуы өте-мөте маңызды.
Кәсіподақтар үшін жобаның басты элементі — еңбек ету құқығы және оның конституциялық жанжақты қамтылуы болып табылады. Жаңа жоба әр адамның қалаған жұмысымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттің басты назарында жүйе емес, адам және оның мүддесі тұратынын дәлелдейді. Бұл жұмыскерлердің мүддесіне және әлеуметтік диалогта дәйекті түрде қорғалып жүрген кәсіподақтардың мақсаттарына сәйкес келеді.
Біз, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы атынан бұл конституциялық реформа қоғамды біріктіріп, еңбек адамының абыройын арттыратына және әлеуметтік әділеттілікті күшейтуге мүмкіндік жасайтынына нық сенімді білдіреміз. ҚРКФ Әділетті Қазақстанды құру жолындағы өте маңызды қадам ретінде Конституция жаңа жобасын қолдайтынын мәлімдейді.
Кәсіподақ тарапынан конституциялық реформаны қолдау саналы әрі жауапты ұстаным. Біз жаңа Конституцияны алдағы уақытта еңбек заңнамасын жақсарту, әлеуметтік әріптестікті дамыту және лайықты еңбек кепілдіктерін нығайту негізі ретінде қарастырамыз.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Жаңа конституцияны қабылдау Әділетті Қазақстанды құруға ықпал етеді, сонымен қатар бұл мемлекеттің адам мен оның еңбегіне құрмет және қоғамдағы ынтымақтастық негізінде саясатын қалыптастыруға дайындығын растайды деп санайды.
Біз барлық азаматтарды ел болашағы үшін жалпы жауапкершілікті анық сезінуге және дайындалған жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырамыз.