АҚШ-та шағын ұшақ апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды

Фото: Gemini ИИ

9 ақпан күні АҚШ-тың Гейнсвилл қаласында Браунс Бридж жолында шағын ұшақ апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға салдарынан бірнеше автокөлік зақымданған.

Жергілікті құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оқиға кезінде бірнеше адам түрлі жарақат алған.

Қазіргі таңда ұшқыштың ұшуды тоқтатып, әуе кемесін жол үстіне қондыруына не себеп болғаны белгісіз. Оқиғаның нақты мән-жайы тергеу барысында анықталады.