Шымкент қаласында пәтерде тұратын бір отбасының бірнеше мүшесі газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға салдарынан әжесі, оның қызы және немересі қайтыс болған.
Көршілердің айтуынша, марқұмдар тұратын пәтерден төменгі қабатқа су аға бастаған. Уақыт өте келе су күшейіп, тұрғындар алаңдап, пәтер иелеріне хабарласуға тырысқан. Алайда, телефон тұтқасын ешкім көтермеген соң, көршілер есікті бұзып кіруге мәжбүр болған.
Пәтерге кірген кезде жасөспірімнің ванна бөлмесінде жансыз жатқанын көрген. Ал, жуынатын бөлмеде су ашық күйінде қалғаны анықталған.
Шымкентте бір отбасы газдан уланып қаза тапты
Фото: Life09