Шымкентте қайғылы оқиға тіркелді — жасөспірімнің үстіне ағаш құлап, ол алған жарақатынан көз жұмды.
Оқиға орнында тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеп, арнайы комиссия құрылды. Қазір қайғылы жағдайдың нақты себептері мен мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр.
Қала әкімдігі марқұмның отбасына барлық қажетті қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, тұрғындарды ауа райының қолайсыз кезеңінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. Әсіресе, қатты жел кезінде ағаштар мен жарнама құрылғыларының маңында ұзақ тұрмау ескертіледі.
Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкентте қайғылы оқиға: жасөспірімге ағаш құлап, көз жұмды
Фото: Canva