СҚО-да жанжал соңы қайғылы аяқталды

Фото: Gemini

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 16 ақпан күні жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі ер адамның арасында жанжал туындап, соның салдарынан олардың бірі пышақ жарақатын алған. Зардап шеккен азамат оқиға орнында қайтыс болды.

Күдікті ретінде екінші ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.