Шымкентте мұғалім 7 жастағы оқушыға азғындық жасады деген күдікке ілінді

Фото: Gemini ИИ

25 ақпанда мектептердің бірінде болған жағдай қоғам назарын аударды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі @sputnik_aitady-ға сілтеме жасап.
Оқушы қыздың анасының сөзінше, 7 жастағы қызына мұғалім тарапынан орынсыз әрекет жасалған.

Анасының айтуынша, мектептегі бейнебақылау камераларындағы жазбаларда ер адамның баланың жанына келіп, оны алдына отырғызғаны және күмән тудыратын қимылдар жасағаны көрінеді. Бала қарсылық білдірген сәттер де таспаға түскенін алға тартады.

Аталған оқиғаға байланысты Шымкент қалалық полиция департаменті тексеру жұмыстарын бастап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.10:53