Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік

Фото: Life09

Елордадағы EXPO конгресс-орталығында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» ұранымен өткен іс-шара аясында көшбасшы әйелдермен кездесті.

Залда Қазақстанның барлық өңірінен келген мыңға жуық көшбасшы әйел – білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, ғылым, әлеуметтік салаларының және азаматтық сектордың өкілдері жиналды. Іс-шара аясында жаңа Конституцияны қабылдау бойынша 15 наурызда өтетін референдум талқыланды.