Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Кеше Алматыға жеткізілген күдікті Сұлтан Сәрсемалиев Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіргенін мойындап, денелерін бұрын жалдаған үйінің ауласына көмгенін айтқан, деп жазды «Ақ Жайық» басылымы.
Бұл ақпаратты алған тергеушілер көрсетілген жерде қайта іздеу жүргізіп, мәйіттерді тапты.
2025 жылдың қараша айында Атырау облысында төрт адамнан тұратын отбасы жоғалып кетті. 2026 жылдың қаңтар айында отағасы мен оның әйелінің денесі өз үйіндегі сарайдан табылды, ал олардың ересек екі баласын іздеу жұмыстары осы күнге дейін жалғасты.
Ақпан айында отбасының күйеу баласы мен қызы Индонезияда ұсталды.
Атырау облысындағы Жангелдин ауылында жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды
Фото: Life09