Танымал актер Азиз Бейшеналиев Алматыдағы Есентай өзеніне құлап кеткен итті құтқарып қалды

Фото: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі stankznews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Есентай арнасына ит түсіп кетіп, шыға алмай қалған. Абырой болғанда, өзенде су болмаған.

Желіде тараған кадрлардан итті құтқаруға көмектескендер арасында актер Азиз Бейшеналиевтің жүргенін көруге болады. Ол кездейсоқ сол жерден өтіп бара жатып, құтқару жұмысына қосылған. Актер жануарларды ұстауға арналған торды қолданып, итті жоғары шығаруға көмектескен.

Желі қолданушылары актердің әрекетіне тәнті болып, пікірлерде алғыстарын жаудырды.