Алматы қаласында өрт датчигінің дер кезінде іске қосылуы бір отбасының аман қалуына себеп болды. Оқиға бүгін таңертең Новгородская көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, үйдің төбе жабындысынан өрт шыққан. Құтқарушылар оқиға орнына небәрі бес минут ішінде жеткен. Мамандардың айтуынша, баспана жеңіл тұтанатын материалдардан салынғандықтан, өрттің тез таралу қаупі жоғары болған.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 2025 жылдың қазан айында орнатылған өрт датчигі уақытылы дабыл беріп, тұрғындарды оятқан. Соның арқасында отбасы мүшелері дер кезінде сыртқа шығып, өрт сөндірушілерді шақыра алған.
Өрт жедел түрде оқшауланып, толық сөндірілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Алматыда өрт дабылқаққышы көпбалалы отбасының өмірін сақтап қалды
Фото: ЖИ