Астана тұрғыны телефон алаяқтарының құрбанына айналды. Әккілер өздерін ұлттық байланыс операторының қызметкерлері ретінде таныстырып, қосымша телеарналарды қосуға 30% жеңілдік ұсынған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Осы ұсынысқа сенген азамат жеке деректерін беріп қойған. Алайда араға бірнеше минут салып, оның депозиттік шотындағы барлық қаражат — 20 миллион теңге — белгісіз бағытқа аударылып кеткен.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қала прокуратурасы тұрғындарды сақ болуға, бейтаныс нөмірлерден келген нұсқаулықтарды орындамауға және жеке мәліметтерді ешкімге бермеуге шақырады.
Астанада алаяқтар тұрғынның 20 миллион теңгесін жымқырған
Фото: ЖИ