Ұлытау облысында 4 баланың анасын өлтіріп кетті

Фото: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмның 33 жастағы азаматтық некедегі күйеуі күдікті ретінде танылды.

Желіде тараған ақпарат бойынша, Жәйрем кентінде ер адам әйелге оның дүкеніне келіп, шамамен 20 рет пышақ жарақатын салған.

Оқиғадан кейін күдікті өзін жаралап, ауруханаға жеткізілген.

Полиция қылмыстық іс қозғады.
 

«Ол тәулік бойы күзетте. Емі аяқталғаннан кейін ол тергеу изоляторына қамалады», - деді полициядағылар.