Мемлекеттік кірістер комитеті банктік шоттардағы шығыс операцияларының тоқтатылуына қатысты түсініктеме берді

Фото: Canva

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі sputnik_aitady телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, автоматтандырудың жаңа әдістемесін енгізу кезінде техникалық қате болып, кейбір шоттар бойынша операциялар негізсіз шектелген.

Қазір қате толық түзетілді. Шектеулер кезең-кезеңімен алынып жатыр.

Жұмыстар 10 сәуірге дейін аяқталады, деп хабарлады комитет.